Қазір әлемде 425 млн адам диабетке шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диабетті ерте анықтауға арналған NOMAD - Ұлттық скринингтік бағдарламасының нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанда ересектердің 38%-ы диабет алдында тұрса, 8,2%-і диабетке шалдыққан. Бұл туралы «Аман-саулық» қоғамдық қорының баспасөз қызметі мәлім етті.

Сонымен қатар, екінші типті диабет диагнозымен халықтың 1,8%-ы немесе 312 мың адам есепте тұр. Бұл аурудың жасырын түрі екенін және кеш анықталғанын көрсетеді. 

Швецияның Стокгольм қаласындағы Каролин институты жанындағы қартаю проблемалары жөніндегі зерттеу орталығының зерттеушілерінің пікірінше, диабет алды қаупі бар адамдар диабетке шалдықпай қандағы қанттың қалыпты деңгейіне анағұрлым жиі оралады.   

Докторантураның аспиранты және зерттеудің жетекші авторы Ин Шан әріптестерімен бірге «диабет алды» диагнозының 918 кездескен түрін зерттеді. 


60 жастан асқан швед ұлттық зерттеулерінің барлық қатысушыларына «диабет алды» диагнозы қойылды, яғни оларда қандағы қант деңгейі 100-ден 125 миллиграмнан децилитр (мг/дл) құрады (қандағы қант деңгейі 100 мг/дл төмен (5,51 ммоль/л) қалыпты немесе қалыпты гликемия болып саналады, ал 125 мг/дл жоғары (6,89 ммоль/л) қант диабетінің бар екендігін айтады). 

Зерттеушілер 12 жыл бойы қарт адамдар тобын бақылап, қатысушылардың 22% қалыпты гликемияға қайтып келгенін, қатысушылардың 13%-ында диабет дамығанын және адамдардың бір бөлігі қайтыс болғанын анықтады. 

Осылайша, зерттеу систоликалық артериялық қысымның төмендеуі, жүрек ауруларының болмауы және салмақты бір қалыпта ұстау қандағы қанттың қалыпты деңгейіне қайтаратынын көрсетті. Сондай-ақ, іс-қимыл белсенділігі, диабеттің алдын алып өлім деңгейін төмендетеді. 

Әрбір адам қант диабетінің алдын ала алады, деп есептейді «Аман-саулық» ҚҚ президенті, дәрігер  Бақыт Түменова. 

«Диабет алды» 2-типті қант диабетіне автоматты түрде ауыспайды, бұл аурудың пайда болу қаупін төмендету үшін дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін белгі ғана. Ауруды асқындырмау үшін ұсыныстар өте қарапайым: іс-қимыл белсенділігі, толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану. Алайда, ол әрбір пациенттің өз ерік-жігері мен ынтасына да тікелей байланысты», - деп атап өтті Бақыт Түменова. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ауруларды басқару бағдарламасын» іске асыруда, оған сәйкес БМСК ұйымдары пациенттермен шартқа қол қояды, онда әркім өзіне белгіленген міндеттемелерді орындайды. Пациенттің өз денсаулығын басқаруға, ортақ жауапкершілікке тартылуына баса назар аударылады. 

Адам зиянды әдеттерден бас тартады, салмағын қадағалайды, іс-қимыл жүктемелерін қолданады, дұрыс тамақтанады, дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап дәрігердің бақылауында болады. Бағдарламаға пациенттің өзі ғана емес, сонымен қатар оның туыстары да қатысады, өйткені қант диабеті генетикалық бейімділігі бар болғандықтан, балалар мен отбасының барлық мүшесін бақылау қажет. 

«Қант диабеті - бұл мүгедектік пен ерте өлімге әкелуі мүмкін ауыр созылмалы ауру деп есептелсе, диабет алды диагнозының ерекше белгілері жоқ. Сондықтан 45 жастан асқан, қан қысымы жоғары, артық салмағы бар, аз қозғалмалатын, тәтті және газдалған сусындарға әуес адамдар дәрігерге барып, қандағы қант құрамын тексеріп тұруы тиіс. Аурудың пайда болу қаупін төмендетуге бағытталған тұжырымдаманы ұстану қажет», - деді сарапшы. 

Сарапшының айтуынша, қант диабеті - бұл инфекциялық ауру емес, ол ұзақ емдеуді қажет етеді. Дегенмен, өз денсаулығыңызды қолыңызға алсаңыз, денсаулықты басқарып қана қоймай, толыққанды өмір сүруге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы