20 Желтоқсан 2023 2023, 12:35 Фото: - архив

42 үй, мектеп және әуежай уақытша жылудан ажыратылады

Қақаған қыста қалай болғаны?

Қостанайда тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай уақытша жылудан ажыратылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» мәлімдеді.

Компания Герасимова көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанындағы жерасты жылу желісіндегі ақауды жөндеуге байланысты 20 желтоқсанда түскі уақыттан кешкі сағат 20:00-ге дейін 42 көпқабатты үйге, №29 орта мектепке және Қостанай халықаралық әуежайына жылу беру уақытша тоқтатылады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, жұмысты тезірек аяқтауға бар күшімізді саламыз, - делінген «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» таратқан мәлімдемеде.