Шаруашылықтарда 42 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, етті мал шаруашылығы бойынша үш негізгі индикатив белгіленді:
- фермерлерді несиелендіру арқылы ІҚМ аналық басының қарқынды өсуі;
- мал басының өнімділігін аналық мал басын тұқымдық түрлендіру арқылы өсіру;
- бұқашықтарды өндірістік бордақылау алаңдарына және ет комбинаттарына тапсыру жолымен сиыр еті өндірісінің тізбегін дамыту.
2019 жылы фермерлік шаруашылықтармен бірлесіп 63 мың бас ірі қара мал әкелінді. Нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 12%-ға жетті. Биыл 95 мың бас аналық малды сатып алуға фермерлік шаруашылықтарды несиелендіруді жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері 21 мың бас сатып алуға фермерлер қаржыландырылды. Жалпы әкімдіктерге фермерлік шаруашылықтарды ІҚМ әкелуге қатысты жұмыстарды белсендету керек соның ішінде дайын инфрақұрылымы бар шаруа қожалықтарында қарастыру қажет, – деді министр.
Былтырғы жылы пилотты түрде сатып алынатын малды кепілге қою арқылы қаржыландыру механизмі тәжиребеден өткізілді және аталған механизм биыл кеңінен қолданылатын болады.
Басты міндеттердің бірі сиыр еті өндірісінің тізбегін үздіксіз жүргізу болып табылады. Республикада 279 мың мал орнына арналған бордақылау алаңдарының желісі және қуаты 240 мың тоннаға ет комбинаттары бар. Олардың жүктемелігін арттыру үшін бұқашықтарды тапсыру жоспары қарастырылған. Бұқашықтарды тапсыру кезеңі негізінен күз мезгіліне қарай, бірақ оған қарамастан жыл басынан бері фермерлік шаруашылықтар бордақылау алаңдарына 41,7 мың бас бұқашықтарды өткізді, – деді Сапархан Омаров.
Фермерлерді ынталандыру үшін өнеркәсіптік бордақылау алаңдарына немесе ет комбинаттарына тапсырылған бұқашықтарды тірілей салмағына субсидиялау механизмі қарастырылған. Сонымен қатар, ет комбинаттары және бордақылау алаңдарында экспорттық контрактысы болған жағдайда айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру қарастырылған.