+42 градус, найзағай: 7 тамызға арналған ауа райы болжамы

7 тамызда қолайсыз ауа райына байланысты 17 өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың онтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстан, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сакталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: -архив
Өзгелердің жаңалығы