42 500 теңге: Алматыда әлеуметтік төлемді 416 мыңнан астам адам алды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңгені Алматы бойынша 416 045 адам иеленді.
Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы Рахат Шимашева брифинг барысында айтты.
Брифинг барысында ол Алматыда төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын айтты.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңгені Алматы бойынша 416 045 адам алды. Жалпы жүйеге 896 752 адамнан тиісті өтініштер енгізілді. Бірінші айда 370 660 адам алды, екінші айда оған тағы 45 385 адам қосылды. Бұлардың барлығына ел бюджетінен 17,5 млрд теңге жұмсалды, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол төлем бойынша жіберген 471 мың өтініш қабылданбағанын жеткізді.
Бұл өтініштердің қабылданбау себептеріне тоқталсам, біріншіден төтенше жағдай жарияланғаннан кейін соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдардың, жарналарының болмауы. Қайтарылған өтініштердің 68%-ы осы әлеуметтік төлемдерінің болмауынан. Екіншіден мемлекеттік мекемеде немесе ұлттық қорларда, республикалық ұйымдарда істейтін азаматтардың өтініші қанағаттандырылмады. Сонымен қатар, екі жерде жұмыс істеп, екі орнынан да өтініш түсіргендердің өтініші қабылданбады, - деді Рахат Шимашева.
Сондай-ақ, "Жаңа Алатау" қоры есебінен 12 797 мұқтаж жандар азық-түлік жиынтықтармен қамтамасыз етілген. Оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер – 2481 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 5443, басқа санаттар – 4873 адам.
2 айлық есептік көрсеткіш (5567 теңге) көлеміндегі әлеуметтік көмек 63,2 мың адамға төленген. Оның ішінеде 1, 2-топтағы мүгедектер – 17 128 адам, мүгедек бала – 6 577, мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар – 6 185, АӘК алушылар санынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 6 699, АӘК алушы ересектер – 7 580, 3-топтағы мүгедектер – 10 253, ресми түрде тіркелген жұмыссыздар – 8 800 адам, - деді ол.Бұған дейін ҰОС ардагерлеріне қанша қаражат берілгендігі белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: 24 науқас дертінен айықты
Өзгелердің жаңалығы