42 500 теңгеге өтініштер қабылдау аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамыр күні сағат 18:00-ден бастап 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем тағайындауға жаңадан өтініштерді қабылдау аяқталады.

Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатын болады және өтініш төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер тағайындау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалады және төленеді.

Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында білуге болады.

Ағымдағы жылғы 11 мамыр күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 2,5 млн қазақстандық 42 500 теңге төлемінің екіншісін алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады. 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, 42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы