42 500 теңге зейнетақы қорынан алынып жатыр ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мессенджерлерде 42 500 теңге төлеуге арналған қаражат жинақталған зейнетақы қорынан алынып жатыр деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мессенджерлерде таратылған 42 500 теңге төлеуге арналған қаражат зейнетақы жинақтарынан алынды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төлеу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінді. Азаматтардың жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана пайдалануын сұраймыз, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ-де коронавирустық инфекциядан қорғау құралдары таныстырылды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы