42 500 теңге: Төлемді тағайындау жайы қорытындыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде "Шектеу шаралары аясында еңбек іс-әрекетін жүзеге асыру", тағайындау туралы шешім қабылданбаған "42500 теңге" төлеміне өтінімдерді қайта қарау алгоритмі" тақырыбы бойынша өткен тікелей эфир барысында 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді тағайындау жайын қорытындылады.

Вице-министр төтенше жағдай кезінде жұмыс берушілердің өндірістік қызметі мен жұмысшылардың жұмыс орнына қолжетімділігі шектеулі болғанын атап өтті. 
Төтенше жағдай салдарынан жұмыс берушілердің өндірістік қызметі шектелді, ал жұмысшылар жұмыс орындарына бара алмады. Бұл жағдайда Үкімет кәсіпкерлерді қолдау үшін бірқатар шара атқарды. Ол бірінші кезекте салық бағытындағы шаралар және басымды жобаларды несиелеу шеңберінде қолжетімді қаржыландыру шаралары. Жұмыспен қамту және отандық кәсіпкерлерді  қолдау мақсатында арнайы 2020-2021 жылдарға арналған "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бекітілді. Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспары аясында 2020 жылы жұмыспен қамту шаралары бойынша 1,2  миллион адам қамтылатын болады, - деді ол.
Сондай-ақ, мемлекет табысынан айырылған кәсіпкерлер мен жұмысшыларды қолдау мақсатында, төтенше жағдай туындаған кезде әлеуметтік төлем тағайындады.
Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әлеуметтік төлем алуға құқылы  кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшыларды категорияға бөлдік. Бұл категорияға ең алдымен, карантин режимі енгізілген аймақтарда жеке кәсіпкерлерде, шағын және орта бизнес субъектілерінде және ірі бизнес нысандарында қызмет ететін (ақысыз еңбек демалысына жіберілген) жалдамалы жұмысшылар жатады. Сондай-ақ, бұл төлемді алуға жеке кәсіпкерлер, жеке тәжірибемен айналысатын азаматтар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарт бойынша қызмет ететін тұлғалар, сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасаған азаматтар құқылы, - деді вице-министр. 

Ақмәди Сарбасов өтініш беру ережелерін барынша қарапайым қалыпқа түсірілгенін айтты. Ол үшін бірқатар шара атқарылған.
42500.enbek.kz веб-порталы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталы, 18 тelegram-боттарға қатысты бірқатар жұмыс істелді. Сонымен қатар, мобильді телефон нөмірі тіркелген жағдайда аталмыш әлеуметтік төлемді алуға мүмкіндік берілген. Банктердегі ұзын-сонар кезектің пайда болу қаупін азайту мақсатында, банк деректемелерінсіз (реквизит) өтініш беру мүмкіндігі қарастырылды, есепшоттарды онлайн ашу бойынша шаралар қабылданды. Бұл шаралардың барлығы өтініштерді беру және қарау үдерісін тездетуге мүмкіндік берді, - деді ол.
Вице-министр әлеуметтік төлем алуға байланысты 8 миллионнан астам өтініш түскенін айтты.
Бізге келіп түскен өтініштер саны 8 миллионнан асады. Оның 4,6 миллион адамынан әлеуметтік төлем жасалды. 40 пайызы – жалдамалы қызметкерлер, 400 мың адам – жеке кәсіпкер, сондай-ақ, жеке тәжірибемен айналысатын азаматтар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарт бойынша қызмет ететін тұлғалар. Төтенше жағдайдың тоқтатылуына байланысты 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды. Алғаш рет 194,2 млрд теңге сомасындағы 4,6 млн төлем тағайындалды, оның ішінде бірінші айға 158,9 млрд теңге сомасында 3,7 млн, екінші айға 35,4 млрд теңгеге 834 мың тиесілі. Екінші айда 2,9 миллион адамға төлем ұзартылды, 122,2 млрд теңге төленді, - деді Сарбасов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы