400-ге жуық ұстаз ағылшын тілін жетілдіруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл оқушыларының ағылшын деңгейі қала балаларыныкінен оза бастады. VI республикалық «EDU Stream Juldyzdary» конкурсының бас жүлдесін биыл аралдық оқушы жеңіп алды.
Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы мәлімдейді.
Үш кезеңнен тұратын байқау бір жыл бойы жүрді. Оған оқушылар ғана емес, ағылшын, француз, орыс тілдері мен химия, физика пәндерін ағылшынша оқытатын ұстаздар да қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жалпы мұндай конкурс 2016 жылдан бері ұйымдастырлып келеді. Әрі Edu stream содан бері еліміздің түкпір-түкпірінен 12 мыңға жуық педогогтың біліктілігін арттыруға септігін тигізген. Биыл да бұл дәстүрден жаңылмаған орталық 400-ге жуық мұғалімді шетелдік мамандардың сабағына жинаған.
Шетелден жаңағы эксперттерді шақырдық. Шетелдік кітаптардың авторларын шақырттық. Яғни бұл кітапты жазған автор мұғалімдерге өздері қалай жұмыс істеу керек, қалай заманауи технологияларды қолдану керек, қандай инновациялық әдістерді қолдану керек. Қалай соны балаларға жеткізу керек деген тұрғыда көмек көрсетеді, - дейді Манат Еркінқызы, EDU Stream орталығының әдістемелік бөлімінің басшысы.