40 жастағы қазақстандық теннисші Монреаль турнирін аяқтады
40 жастағы қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Канадада өткен WTA 1000 санатындағы Монреаль турнирінде жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жекелей рейтингте әзірге тіркелмеген спортшы бұл жарысқа ресейлік Камилла Рахимовамен жұптық разрядта қатысқан. Екінші айналымда олар америкалық Кэролайн Доулхайд пен София Кенинге қарсы ойнады.
Кездесу екі сетке созылып, АҚШ өкілдерінің пайдасына 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Воскобоева мен Рахимова бір эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың екеуін ғана пайдалана алды.
Осылайша, қазақстандық теннисші мен оның серіктесі жарысты екінші кезеңде аяқтады.
Айта кетейік, бұл турнир Галина Воскобоеваның WTA-турға төрт жылдық үзілістен кейінгі алғашқы жарысы болды. Ол Канададағы алғашқы айналымда жеңіске жетіп, карьерасын қайта бастағаннан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді.