Тұңғыш президент күніне орай өткізілген ашық сабаққа 40 мыңға жуық оқушы қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 39410 оқушыға 59 қоғам қайраткерлері дәріс оқыды, деп хабарлады Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі.

Атап айтсақ, Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов студенттермен кездесіп, басқосу барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел іргесін қалау жолындағы ерліктері туралы сабақ өтті. 

Бүгінгі ұрпақтың бейбіт күн кешуінің тарихы тереңнен баяндалды. Ел еңсесін тіктеп, бой көтере бастаған жас мемлекеттің бүгінгідей әлемнің алпауыт елдерімен теңесе алатындай дәрежеге жету жолы білімпаздарға кеңінен түсіндірілді. 


Ж.Мәуленқұлов өз сөзінде Елбасының қазақ халқы үшін жасаған жемісті еңбектерін түсіндіріп, Тұңғыш президентіміздің бүгінгі ұрпақ біле білмейтін қырлары мен сырлары кеңінен айтып өтті. Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел үшін жасаған игі істерін, өмір жолынан да сыр шертті. 


Осындай бастама қала мектептерінде өз жалғасын тапты. Зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері мектеп оқушыларымен жүздесіп, Ұлт көшбасшысын мақтан етуге, Отанды сүюге тәрбиелеуге және оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамытуға шақырды, - делінген хабарламада.

Тұңғыш президент күні қарсаңында Елбасының көшбасшылық қасиеттері мен өмір жолын таныстыру жұмыстары кеңінен насихатталды. Шара барысында студенттер мен оқушылар Елбасының өмір жолынан сұрақтар қойып, мардымды жауап алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы