40 млн-нан астам теңгенің алюминийін ұрлағандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері салмағы 32000 келіден асатын, құны 40 млн-нан астам теңгені құрайтын «алюминий» ұрлығын ашты.

Осы жылдың жазында Көліктегі полиция департаментіне қазақстандық кәсіпорындардың бірінің өкілінен жылжымалы құрамнан 32 000 килограмнан астам «алюминийдің» ұрланғандығы туралы өтініш келіп түсті, - деді Департамент бастығы Оңал Бекеев.

Оңал Бекеевтің айтуынша, 26 қазанда көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ірі көлемде ұрлық жасағандары үшін Павлодар қаласының бес тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілердің төртеуі темір жол күзетінің қызметкерлері, ал олардың бесіншісі жүк сатып алушы болып шықты.

Келтірілген шығын сомасы 40 миллион теңгеден асты. Ұсталғандар осы қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады. Күдіктілердің үшеуі Павлодар қаласы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы - бұлтартпау шарасы қолданылды – деді ол.

Қылмысқа қатысты заттай айғақтар тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы оғиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің  2 және 3-тармақтарымен, яғни, бірнеше рет; тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы