40 градусқа дейін ыстық, солтүстікте жаңбыр: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3, 4 және 5 маусымда Қазақстанда қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тағы да жаңбыр жау ма?

Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Күндізгі уақытта солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда шаңды дауыл болжануда.

Температуралық ауытқулар

Қазақстанның солтүстігінде түнде ауа температурасы сәл төмендейді: 10-17 градустан 8-15 градусқа дейін. Күндіз сынап бағаны 25-30 градустан 18-23 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста керісінше, температура сәл жоғарылайды: түнде 7-18 градустан 9-20 градусқа дейін, ал күндіз 22-33 градустан 24-35 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста да аздап жылыну күтіледі: түнде 5-15 градустан 7-17 градусқа дейін, ал күндіз 22-30 градустан 25-35 градусқа дейін.

Оңтүстікте аптап ыстық

Оңтүстік өңір тұрғындарын қатты аптап күтіп тұр: күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы