22 Ақпан 2024 2024, 11:22 Фото: скрин

-40 градусқа дейін төмендейді. Қазавтожол ескерту жасады

Қазавтожол еліміздің ауа райы туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазавтожол еліміздің ауа райы туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды,Ұлытау және Абай облысында қатты аяз күтіледі. Ауа температурасы -40 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Жезқазған мен Ұлытау облысында қарлы боран соғып, бұрқасын болжанады.

Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман түседі. Ал, Түркістан және Қызылорда облыстарында екпінді жел 15-20 м/с дейін жетеді. Салдарынан автожолда көрініс шектелуі мүмкін.

Жетісу облысының таулы аймақтарында аяз -27 градусқа жетіп, 15-20 м/с дейін екпінді жел соғады.

Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.