4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кеткен

 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 наурыз Түлкібас аудандық ПБ-не жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткенін хабарлайды. 

Тексеру кезінде, сол күні кешкі уақытта үш кәмелет жасына толмаған туыс кішкентай қыздар Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барғаны анықталды. 

Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен. 

Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы