4 жағдай дәрігер көмегімен анықталған - облыс әкімі жыныстық зорлық жөнінде

Павлодар облысының Железин ауданында қамқоршысының жетім қызды зорлағаны белгілі болды. 2 күн бұрын Майқайың кентінде 13 және 15 жастағы қарындасы мен ағасы зорланды деген ақпарат шықты. Осы орайда Павлодар облысындағы кәмілет жасқа толмағандарға жыныстық зорлық көрсетудің алдын алу бойынша қандай жұмыс жүріп жатқанын Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әр мектеп бойынша тәуекелі бар отбасыларды анықтау жұмысы жүріп, сол отбасылармен психологтар, директорлар, педагогтар тығыз жұмыс істеуде. Облыста болған 30 оқиғаның ішінде тең жартысы 2017, 2018, 2019, 2020 жылдары болған оқиғалар деп айтуға болады. Оның үстіне 25-і үйде болған. Нақты қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жердің өзінде, шаңырақтың ішінде болып жатқан нәрсе, - деді әкім ОҚК алаңында.

Әкімнің айтуынша, облыста кәмілет жасқа толмағандарға жыныстық зорлық көрсету бойынша былтыр да, биыл да 30 оқиғадан тіркелген. Биылғы төрт жағдай дәрігердің көмегімен анықталған.

Ата-аналардың келісімімен қыз балаларды дәрігердің зерттеуінен өткізіп жатырмыз. Осы 30 оқиғаның төртеуі солай анықталған. Ата-аналары да білмеген, ешкім білмеген. Психолог қызбен сөйлесіп, “осы оқиғаны зерттесек қайтеді” деді. “Ата-анасы келіссе, зерттейік”. Сонда зерттегенде осындай жағдай анықталып жатыр, - деді әкім.

Асайын Байханов кәмілет жасқа толмағандарға жыныстық зорлық көрсетудің алдын алу үшін әсіресе балалары өгей әкелерімен тұратын немесе толық емес отбасыларды жиі-жиі бақылау керегін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Павлодар облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы