4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақтан, Шығыс Қахақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Алматы, Жамбыл, күндіз Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді,Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, Қызылорда облысында дауыл күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде топырақ бетінің үстінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы