Жаңбыр мен жел: 4 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Алматы, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Ақмола облысының кей жерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерінде тұман, түнде желдің күші 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы