4 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 4 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында, осыған байланысты күн ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында циклон әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Шығыста кей жерлерде қалың қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, республиканың шығысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақтөбе облысында күндіз көктайғақ болады.