Қауіпсіздік қызметі әйгілі «Қырықбаевтар» қылмыстық тобының 4 мүшесін ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Олар күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған.
«2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі жүргізілген іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды. ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда халық театрларының байқауы басталды
Өзгелердің жаңалығы