4 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 мамырда республиканың шығыс бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Еліміздің батыс аумағында антициклон әсерінен кей жерлерде тұман түсіп, күн күркірейді, сондай-ақ жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыста және солтүстік шығыста ұйтқып жел тұрады, оңтүстікте – шаңды дауыл.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде күн күр күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде, ал күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысында кей жерлерде күн күркірейді, тұман, желдің күші 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде және таңертең күн күркірейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, Қызылорда облысында – кей жерлерде шаңды дауыл.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады,

Маңғыстау облысында кей жерлерде күн күркүрейді.

Жамбыл облысында түнде кей жерлерде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы