4 күнде республикалық жолдар 86 мәрте жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыздың 20-24 аралығында республикалық жолдар 86 мәрте жабылды.

Мейрам күндері ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардағы 86 учаскеде автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Ең көп жабылған жол учаскелері бойынша бірінші орында Ақмола облысы тұр. Мұнда қозғалысқа шектеу 29 жол учаскесінде енгізілді.

Қарағанды облысында жолдар наурыздың 20-сы мен 24-і аралығында 15 мәрте, ал Шығыс Қазақстан облысында 14 рет жабылды. Айта кету керек, бес күннің ішінде аталған өңірлерде жауын-шашынның айлық мөлшері түскен.

Қыс басталғалы республикалық тас жолдардағы қозғалысқа шектеу барлығы 997 учаскеде енгізілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы