4 күн бойы із-түзсіз жоғалған балалар дін аман табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаяу патрульдеу барысында полицейлер 27 шілдеде жоғалып кеткен 9 және 11 жастағы балаларды тауып алды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Түнгі сағат 02.00 шамасында Тархан көшесі бойында полиция қызметкері Нұржанғали Бүркіт бұрын іздеуде жүрген екі баланы байқап қалды. Полицейлер балаларды бірден «Байқоңыр» аудандық ПБ жеткізді. Белгілі болғандай, күндіз балалар алаңға ойнауға шығып, қайта оралмаған. Ең әуелі балалардың анасы өзі іздеп көрмек болған. Кейіннен балаларын таба алмаған соң келесі күні полицияға жүгінген, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бұл әйелдің бұған дейін бірнеше рет түнгі уақытта балаларын ата-ана қарауынсыз жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Енді бұл отбасы ерекше бақылауда болады.
Қазір балалар үйлеріне жеткізілді, жағдайлары жақсы.
Еске салсақ, бұған дейін елордада бір үйдің қос баласы ойнауға шығып кетіп, бірнеше күннен бері оралмағаны хабарланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Емделіп жатқан 1677 адамның жағдайы ауыр
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы