4 өңірде жедел штаб жұмысы қайта басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде және бірнеше өңірде жедел штаб жұмыстары жандандырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
Ауа райының бұзылуына байланысты 13 ақпан күні Төтенше жағдайлар комитетінде және Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан қалаларында жедел штабтар жұмыстарын қайта бастады. Шұғыл желі жұмысын жалғастырып жатқанын еске саламыз, - деді ҚР ІІМ ТЖК-дан.
14 ақпан таңғы сағат 06.00-дегі жағдай бойынша елімізде 40 автотрасса жабық тұр. Оның 12-сі республикалық, 28-і облыстық маңызы бар жолдар. Өткен тәулікте 41 адам құтқарылды, оның екеуі – балалар, 30 адам эвакуацияланды. Қар құрсауынан 2 көлік шығарылды.
"Қазгидромет" 14 ақпанға 6 өңірде ескерту жариялады. Осыған байланысты біздің ұсыныстарымызды ескеріп, елді мекендерден тыс жерге шықпауды сұраймыз, - делінген ТЖК хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда тұрғынынан аңшы мылтығы табылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы