4 бала қаза тапқан жол апатының мән-жайы белгілі болды

Ақтөбе облысының білім және денсаулық сақтау басқармалары Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін 2024 жылдың 6 наурызында Ақтөбе-Астрахань тас жолында екі көлік соқтығысқаны туралы жазған болатынбыз. Апат салдарынан сегіз адам қаза болды. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу аясында жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау және зардап шеккендерді анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Жол апатына қатысты Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова түсініктеме берді.

Ақтөбе-Астрахань тас жолында жол көлік оқиғасы болды. Осы қайғылы оқиға салдарынан сегіз адам қаза тапты. Олардың төртеуі кәмелетке толмаған бала. Атап айтқанда, Шұбаршы орта мектебінің 4 және 6-сынып оқушылары, бөбекжай мектебінің 6-сынып оқушылары және Кеңқияқ орта мектебінің дайындық тобының оқушысы. Барлық баланың қасында ата-аналары мен туыстары болды, - деді Нұргүл Бертілеуова.

Оның айтуынша, оқушылар заңды өкілдерінің өтініші бойынша отбасылық және денсаулық жағдайы бойынша сабаққа қатыспаған.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасында жол апатына қатысты түсініктеме берді.

2024 жылғы 6 наурызда Ақтөбе облысында Ақтөбе – Астрахань тас жолында 120 км жерде Largus және Hilux маркалы екі автокөліктің соқтығысқан. Апат салдарынан Largus көлігі өртеніп кеткен. Сегіз адам қайтыс болды, - деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша м.а. Нұрбол Тымпиев.

Ол зардап шеккендердің үшеуі Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілгенін, онда мамандардың қарауынан кейін олар ауруханаға жатқызудан бас тартқанын айтты.

Еске салсақ, Ақтөбе-Астрахань тас жолында жол апатында 5 адам өртеніп кеткені және жол апатынан көз жұмғандардың отбасыларына көмек көрсетілетіні туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы