4 қазанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның барлық аймағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан, күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі.Алматы облысының жекелеген ауданында жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.
Жамбыл, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймағында тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұхамеджан Тазабек өзі жайлы видеоға қатысты пікір білдірді
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы