4 айда құрылыс саласында 845 сараптама жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс саласында сараптамалық қызметті автоматтандыру мақсатында 2015 жылдың 1 мамырынан бастап бірыңғай кешенді ведомстводан тыс құрылыс жобаларына кешенді сараптама жүргізу үшін "бір терезе" қағидаты енгізілді.
Ол салалық сараптамаларды (экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық) ведомстводан тыс бір кешенді сараптамаға біріктіруге және сараптама жүргізудің электрондық форматына көшуге мүмкіндік берді.
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай порталын енгізгенге дейін тапсырыс берушіден жобалау-сметалық құжаттаманы сараптамаға қағаз түрінде ұсыну талап етілсе, қазір барлық рәсімдер тек электрондық форматта орындалады.
Сонымен қатар, Бірыңғай электрондық порталды енгізу арқылы сараптама беру мерзімі 285 күннен 45 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сараптама жүргізу процесінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды. Сараптама жүргізу сапасы артты.
Жалпы биыл алғашқы 4 айда 845 қорытынды берілсе, оның 110-ы теріс қорытынды шығарылды.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол салалық сараптамаларды (экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық) ведомстводан тыс бір кешенді сараптамаға біріктіруге және сараптама жүргізудің электрондық форматына көшуге мүмкіндік берді.
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай порталын енгізгенге дейін тапсырыс берушіден жобалау-сметалық құжаттаманы сараптамаға қағаз түрінде ұсыну талап етілсе, қазір барлық рәсімдер тек электрондық форматта орындалады.
Сонымен қатар, Бірыңғай электрондық порталды енгізу арқылы сараптама беру мерзімі 285 күннен 45 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сараптама жүргізу процесінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды. Сараптама жүргізу сапасы артты.
Жалпы биыл алғашқы 4 айда 845 қорытынды берілсе, оның 110-ы теріс қорытынды шығарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Өзгелердің жаңалығы