4 айда бір ғана облыста жол апатынан 28 адам қаза болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы аумағында жыл басынан бері автожолдардағы апатты төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ж.Құттыбаев айтты.

2020 жылдың 4 айында Жамбыл облысының автожолдарында 283 жол-көлік оқиғасы орын алған, онда 28 адам қаза болған және 403 адам жарақат алған.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖКО-ның саны -23,9% - ға (372-ден 283-ге дейін), жараланғандардың саны -37,0% - ға (640-дан 403-ге дейін) төмендеді және қаза болғандардың саны +3,7% - ға (27-ден 28-ге дейін) артқан. Республикалық маңыздағы автожолдарда ЖКО саны -38,6% (88-ден 54-ке), оның ішінде қайтыс болғандар -45,5% (11-ден 6-ға) және жарақат алғандар саны -56,0% (225-тен 99-ға) төмендеген – дейді ол.

Жергілікті маңыздағы автожолдарда 33 ЖКО тіркелген (2019 ж -63), бұл 47,6 пайызға төмендеген, қайтыс болғандар саны – 13 (2019 ж -9) +44,4% көтерілген және жарақат алғандар саны – 49 (2019 ж- 126) төмендеген, бұл 61,1 пайызға төмендеген.

Елді мекендер және көше - жол желісінде ( әрі қарай -КЖЖ) ЖКО саны -196 (2019 ж -221), бұл -11,3%-ға төмендеген, қайтыс болғандар саны- 9 (2019 ж -7) және жарақат алғандар саны-255 (2019 ж -289), бұл -11,8%-ға төмендеген. 2019 жылды жалпы алғанда және 2020 жылдың 4 айын алып қарағанда облыста тіркелген көлік құралдарының саны + 85,3% өскен. Көліктердің көбеюі жол-көлік аппаттылығының өсуіне едәуір әсерін тигізуде – дейді Ж.Құттыбаев.

Сонымен қатар, жол апаттылығын туындататын негізгі факторлар, ол жүргізушілер мен азаматтардың тәртібінің төмендігі және елді мекендердегі жолдардың жағдайының төмендігі болып отыр.

Полиция департаменті биылғы жылдың 4 айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс автожолдарының 12 мыңнан астам шақырымына тексеру жұмыстары жүргізген. Жолдардағы қызмет көрсетудегі кемшіліктермен аудандық және облыстық атқарушы органдарына 112 ақпарат жолданды, оның ішінде 42-і жергілікті атқарушы органдарға жолданған – дейді подполковник.

Облыс орталығы Тараз қаласының аумағында 98 бағдаршам қызметі қайта жаңғыртылып, 12 ірі қиылыстарға "Ақылды бағдаршам" орнатылды.

Жаяу жүргіншілердің соның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер жанында және жаяу жүргіншілердің жаппай өтетін жерлерінде "Жаяу жүргіншілер өткелі" жол белгілері жарық диодты белгілерге ауыстырылды және оқушылардың жасанды макеттері орнатылуда. Полиция департаментімен жол апаттылықтың алдын алуда жыл басынан бері 4 профилактикалық шаралар ұйымдастырылып өткізілді – деді ол.

Полиция департаменті 2020 жылы жол көлік ережелерін бұзу дерегі бойынша 30 599 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады.

Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Тараз қаласы және аудандарда 10-нан астам локальді жұмыстар ұйымдастырып өткізді. Жол апаттылығын алдын алуда жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында 56-ға жуық материалдар жарық көрді. Қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен күн сайын автобустарда, аялдамаларда азаматтармен жол ережесін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі – деді ол.

Апаттылықтың алдын алуда Полиция департаменті бастығының бұйрығымен патрульдік полицияның 20 қызметкерінен құралған 10 экипажы жол-көлік апаты жиі орын алатын аудандар мен аумақтарда күн сайын профилактикалық шаралар жүргізуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қорғансыз қорғаушылар
Өзгелердің жаңалығы