4 айда әкімшілік соттар 9 мыңнан астам істі қарады – Асанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов «Сот жүйесіндегі сот кеңестерінің ролі мен орны және олардың заманауи модельдері» тақырыбындағы халықаралық онлайн дөңгелек үстелде айтты.
Жоғарғы сот кеңесінің ұсынысы бойынша Сенат және Мемлекет басшысы 6 судьяны сайлады. Бұл мамандар заңнаманың кейбір ерекшеліктерін жақсы біледі. Мемлекеттік органдарға қарсы сыни көзқарас білдіре алады. Адамдар мен бизнес оларға қарсы сотқа шағымданса да заңнамадағы ерекшеліктерді біледі. Олар судьялық тәжірибесі болмаса да, қылмыстық және әкімшілік алқада емес, салық, монополия, зияткерлік мүлік, жер мәселелері бойынша дауларды шешуге көмектеседі, - деді ол.Жақып Асанов атағандай, мемлекеттік органдар бизнес пен адамға қарсы соттарды сотқа келмей-ақ жеңген сәттері болды.
Судьяларға да бұл шешімді қабылдау оңайырақ болды. Мемлекеттік орган мамамына жүгіну оңай болды. Осы жылдың шілдесінен бастап бұл жағдай қатты өзгерді. 4 айдың ішінде әкімшілік соттар 9 мыңнан астам істі қарады. Мемлекеттік органдар даулардың 49 пайызында жеңіліп қалады. Кейбір әкімдіктер істердің 90 пайызында жеңіліп қалады, - деді Асанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат Жайық өзенін қайта қалпына келтіру үшін қандай шара қабылдау қажет екенін айтты
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы