4 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігі атлантикалық циклонның ықпалында. Сондықтан ел аумағының бірқатар бөлігінде 4 ақпан күні жауын, қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 4 ақпанда елдің солтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз бірқатар аумақтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының кей жерінде тұман түсіп, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының бірқатар аумағында жаяу бұрқасын болады. Түркістан облысының кей жеріне тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.