396 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ басталғалы бері күні бүгінге дейінгі сынақ қорытындыларын жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, ереже бұзғаны үшін 396 түлектің сынақ нәтижесі жойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинаған. Орташа балл – 68, ең жоғары балл – 138. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер сынаққа қатысқан.

Ереже бұзғаны үшін 396 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек: смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ,-деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығындағылар.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18%-ы «Математика-Физика», 16%-ы «Биология-Химия» пәндер, 15%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы