Кеше 2026, 21:19 Фото: Скриншот

39 тонна су шашылған: ШҚО-дағы орман өрті оқшауланды

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шамамен 13 гектар аумақты қамтыған.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Аюда» шатқалында орналасқан «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» аумағында шыққан орман өрті оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шамамен 13 гектар аумақты қамтыған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ТЖД бөлімшелерінің, «Қазавиаорманқорғау» десантшыларының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сонымен қатар ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы тартылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жердегі жаяу топтармен қатар әуеден де жүргізілді. ТЖМ авиациясы 13 рет су төгіп, жалпы көлемі 39 тонна су шашқан.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің негізгі ошақтары оқшауланып, жалынның кең аумаққа таралуына жол берілмеді.

Бұған дейін ШҚО-дағы орман шаруашылығында ірі өрт шыққанын хабарлағанбыз.