Маңғыстау өңірінде күн 39°С дейін ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Маңғыстау облысында дабылды ескерту жариялады.

"13 маусым күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде қатты ыстық 39°С дейін күтіледі", - делінген таратылған хабарламада.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Бұған дейін 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым бөлігінде найзағаймен жаңбырлы, тұрақсыз ауа райы сақталады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы