38 жастағы боксшы көз жұмды
Жартылай орта салмақта өнер көрсеткен америкалық боксшы Карсон Джонс (44-16-3, 32 KO) 38 жасында сирек кездесетін аурудан қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BoxingScene сайтына сілтеме жасап.
Денсаулығы сыр беріп, отадан кейін көз жұмды
Соңғы айларда Джонстың денсаулығы күрт нашарлаған. Қаңтар айында дәрігерлер оған ахалазия (жұтыну функциясының сирек бұзылуы) диагнозын қойған. Ал тамағына жасалған операциядан кейін спортшының өмірі үзілді.
Карьерасында бірнеше чемпиондық белбеуді иеленген
Карсон Джонс жартылай орта салмақта USBA және NABA (Солтүстік Америка чемпионы) титулдарын, сондай-ақ WBC Continental Americas белбеуін жеңіп алған.
Кәсіпқой карьерасында ол 65 жекпе-жек өткізіп, оның 44-інде жеңіске жеткен (32-сі нокаутпен аяқталған).
Оның ең танымал айқасы 2012 жылы британиялық Келл Брукке қарсы өткен. Бұл жекпе-жекте Джонс төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан.
Соңғы рет 2023 жылы рингке шығып, қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңген.
Атақты боксшылармен бірге жаттыққан
Latinus.us мәліметінше, Карсон Джонс карьерасында әлемге танымал боксшылардың спарринг серігі болған. Олардың қатарында:
• Геннадий Головкин;
• Сауль "Канело" Альварес;
• Теренс Кроуфорд бар.