38 млрд. Экология министрі жылда көтерілетін қоқыс мәселесін қолға алатынын айтты
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Экология министрі Ерлан Нысанбаев жылда елімізде қоқыстың көп жиналатынын, алайда оны өңдейтін зауыттың жоғын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз бұл мәселемен жүйелі түрде айналысамыз. Себебі, елімізде 4,5 млн тонна қоқыс жиналады, өкінішке қарай соның 25-27 пайызы ғана қайта өңделеді. Министрлік бүгінгі таңда өңірлермен келісе отырып, 20 астам жоба қарастырды. Оның ішінде іске асыру үшін 7 жобаны нақты белгілеп қойдық, - деді Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша, құны - 38 млрд теңге. Сондай-ақ министр құрылыс қалдықтарын жинап, оны өңдеу мәселесін жергілікті әкімдіктермен шешетінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
STEM Олимпиада: Астанада 41 команда халықаралық кезеңге өтті
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы