38 қазақстандықты Бахрейнде жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық топ ісі сотқа жолданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да қылмыстық процестің жаңа форматы шеңберінде қылмыстық қудалау органдары мен прокурордың жұмысы туралы өткен брифингте айтты.

Көп жағдайда адам сату бойынша жезөкшелердің «притондары» назарға алынады. Шалғай шаруа қожалықтары да назарда ұсталады. Кейде қасқүнем адамдар өзге елге «көп табыс табасың» деп жастарды шақырады. Оның салдарынан олар өзге елде қақпанға түседі. Осындай бір іс тіркелді. Осы айда сотқа халықаралық қылмыстық топтың ісі бағытталды. Олар 38 қызды Бахрейнге алдап алып кетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген, - деді ол.

Оның айтуынша, жұмыс Үкіметтің іс-жоспары бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Тағы бір өзекті мәселе – нашақорлықпен күрес. Өткен кезеңде ондай қылмыс саны 11 пайызға өсті. Есірткі бизнесі бұрынғыдай емес. Тікелей тұтынушымен байланыс жоқ. Бизнес онлайн форматқа өтті. Осы орайда өткен жылы есірткі заттарын насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Алаяқтық та артып отыр. Интернет-алаяқтық 2,5 пайызға артып, 56 пайызды құрады, - деді Серік Шалабаев.

Оның айтуынша, көп байланыс электронды форматқа көшті.

Қазір халық сенгіш. Онлайн сатуды желіде жүзеге асыру көп болғандықтан, алаяқтар осы жолды пайдаланады. Осы орайда тұтынушылардың қауіпсіздігін қорғау туралы нұсқамалық пайда болды. Ол өз нәтижесін беріп жатыр, - деді ол.

Айта кетейік, елімізде қауіпті емес қылмыстарды жасаған адамдардың жазасы жеңілдетіліп жатыр


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы