Өкінішті! Қазақстанда 370 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 370 медицина қызметкері коронавирустық инфекция жұқтырған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.
Оның айтуынша, реанимация бөлімінде медициналық қызметкерлер арасында ауыр науқастар жоқ.
Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің арасында 370 адам инфекция анықталды. Еліміздің 13 аймақта тіркеліп отыр. Ең көбі Алматыда - 197 қызметкер, елордада - 92 қызметкер, Солтүстік Қазақстан облысында -15 қызметкер, Атырауда - 17 қызметкер. Науқас медицина қызметкердің арасында 29% дәрігерлер, 48% орта медициналық персонал және 23% жас қызметкерлер. Медицина қызметкерлерінің арасында ауыр науқастар жоқ, - деді Ләззат Ақтаева.
Сонымен қатар, оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ішінде 80 бала бар.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасында балалар да бар. Олардың саны - 80-ге жетіп отыр. Біреуі - жаңа туған, екеуі - бір жасқа толмаған. Бұл екі бала Түркістан облысы мен Шымкен қаласынан. Жаңа туған нәресте Алматы облысында тіркелді. Қазіргі кезде бала үйіне жіберілді. Анасы да, жаңа туған нәресте де бір үйде бірге тұратын басқа туысқаннан жұқтырған. Қазіргі кезде анасының да, сәбидің де жағдайы жағдайы қанағаттанарлық, - деді вице-министр.
80 баланың 63-інің жағдайы жеңілдеу. Яғни науқастардың 80 пайызы симптомсыз. 17 науқастың дене қызуы жоғары. Үш бала ауруханадан шығарылып, үйде оқшауланған.