366 күн, 25 сағат. 29 ақпанда қанша қазақстандық дүниеге келді

Кібісе жылы әйелдерге қарағанда ерлер көбірек дүниеге келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 29 ақпанда 5110 адам дүниеге келген. Оның 2707-сі ер адам болса, 2403-і әйел.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жыл - кібісе жыл. Кібісе жылдың ерекшелігі – биыл күнтізбеде 365 күннің орнына 366 күн бар. Кібісе жыл төрт жылда бір келеді. Сәйкесінше, төрт жылда бір рет келетін 29 ақпан кібісе күні деп аталады.

Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі еліміздің біртұтас уақыт белдеуіне көшуіне байланысты биыл 29 ақпан еліміздің бірқатар аймағында 25 сағатқа созылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы