28 Қараша 2025 2025, 13:29 Фото: AP/Ohad Zwigenberg

36-қабаттағы кранда қалған жасөспірім 9 сағаттан кейін құтқарылды

15 жастағы жасөспірім 36-қабат биіктігіндегі құрылыс кранында 9 сағат бойы құтқаруды күтті. Өрт сөндірушілер оны аман-есен төмен түсірді.

Израильдің Иерусалим қаласында өрт сөндірушілер 15 жастағы жасөспірімді аяқталмаған биік ғимараттың жанында тұрған құрылыс краннан түсіріп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Жасөспірім жарым түн шамасында 36-қабат деңгейіне көтерілген кранға шығып кеткен. Оның айтуынша, ол тек қаланы жоғарыдан тамашалағысы келген, алайда сол жерде қалып қойған. Көмек келгенше кран платформасында 9 сағат отыруына тура келген.

Оны байқаған бір тұрғын өрт сөндірушілерге хабар берген. Құтқарушылар кранға көтеріліп, жасөспірімнің басына дулыға кигізіп, арнайы қауіпсіздік белдігін тағып, төменге түсіріп алған. 

Бұл – ауыр жағдай, бірақ сәтті аяқталды, – деп мәлімдеді өрт сөндірушілер.