3,6 млн теңгені жымқырмақ болған: Алматыда Жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы сотталды
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өсербаев “Suberpro-com” ЖШС өкілінің “Церебралдық сал ауруы” диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге шарт жасасуға жәрдемдесемін деген желеумен 3,6 млн теңге көлемінде ақшаны жымқыруға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды, - делінген хабарламада.
Сот Өсербаевқа мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда жасөспірім суға батып, көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы