36 000 АҚШ долларын Грузияға алып кетпек болған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 36 000 АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды.

«Шымкент-Кутаиси» халықаралық әуе рейсінде «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау кезінде 36 000 АҚШ долларын, яғни 15 905 240  теңгені құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған А. есімді азаматы ұсталды.

Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Азаматтың әрекетінде ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар. Осы факті бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 жарлығына сәйкес, Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы