22 Қыркүйек 2026, 23:56 Фото: Ақмола облысы ТЖД

35 тонна шөп жанып кетті: Ақмола облысында екі өрт сөндірілді

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отпен абайсыз жұмыс істеу себеп болған.

Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Жібек Жолы кенті мен Қорғалжын ауданындағы Шалқар ауылында жеке тұрғын үйлердің аумағында жалпы көлемі 35 тонна шөп жанған.

Құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар, Жібек Жолы кентіндегі «Ауыл құтқарушылары» бөлімшесі және «Фермер-2010» ЖШС қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отпен абайсыз жұмыс істеу себеп болған.

Төтенше жағдайлар қызметі шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарынан қауіпсіз қашықтықта жинауды және оның маңында ашық от пайдаланбауды ескертеді.