3,5 мың жүкті әйел вакцина салдырды – Шығыс Қазақстан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда 3521 жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Аймақта COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.
Сонымен қатар 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтіп жатыр. Сондай-ақ осы санаттағы 14 296 адам үшінші рет вакцина алған.Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 105 354 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 93 152 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 3521 жүкті және 8681 бала емізетін әйел екпе алды, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кукушкин Франциядағы турнирдің екінші айналымына өтті
Өзгелердің жаңалығы