35 млн теңгені жымқырған: Атырауда бас бухгалтер сотталды
Ол өзінің жеке банктік шотына аударып отырған
Атырау көлік прокуратурасы өңірдегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп жүргізген прокурорлық тексеру барысында «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының 34,8 млн теңге көлеміндегі қаражатын жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.
Анықталғандай, бас бухгалтер заңсыз түрде төлемдерді есептеп, ұйымның қаражатын өзінің жеке банктік шотына аударып отырған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Атырау қаласының №2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жыл мерзімге айыра отырып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «ҚАЖсервис» ЖШС-нің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында «жұмыс істемеген» қызметкерлерге 5,8 млн теңге төлеген мектеп директоры және орынбасары мен бухгалтер сотталған еді.
Сондай-ақ, Астанада «сотта тамыр-танысым бар» деген адамға ақша беріп, алаяққа алданған азаматтың ісі қаралды.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақмолалық әйел бір жылдан кейін атына 2 млн теңге несие рәсімделгенін білді
Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды
Балабақшадан «кезексіз орын» уәде еткен астаналық әйел 4 жылға сотталды