+35 градус ыстық болады. Сәуір айына арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айының басында көктем Қазақстанның солтүстік аймақтарында да өз күшіне енеді: айтарлықтай жылы болады және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Елдің батысында циклонның әсерімен Қара теңіз аудандарынан екпінді желмен жаңбыр жауады.
Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап циклон шығыс бағытта қозғала отырып, республиканың қалған аумағында да ауа райының құбылмалылығына алып келеді. Жауын - шашын (жаңбыр, қар) - көбінесе солтүстік өңірлерде, оңтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ және желдің екпіні 15-20, жекелеген күндері 23-28 м/с дейін күшейеді.
Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы жоғарылайды:
- республиканың батысында түнде +1+9°С-тан +3+12°С-қа, күндіз +7+15°С-тан +15+22°С-қа дейін;
- солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнде -5+3°С-тан 0,+7°С-қа дейін, күндіз +2+10°С-тан +5+13°С-қа дейін;
- орталығында түнде 0,-5°С-тан +2+7°С-қа дейін, күндіз +6+11°С-тан +13+18°С-қа дейін.
Сәуірдің бірінші онкүндігінің ортасында антициклонның әсерімен еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасының аздап қысқа мерзімді төмендеуі күтілуде. Ауа температурасы түнде -5+3°С-қа, күндіз +3+10°С-қа дейін төмендейді.
Алайда республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде бірінші онкүндік ішінде түнгі ауа температурасының түнде +8+13°С-қа дейін жоғарылауы, ал күндізгі ауа температурасының +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін ауытқуы күтілуде.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстан аумағына Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының жиі енуі жүзеге асады, олар температураның жоғары фонын негіздейді: еліміздің солтүстік жартысында күндіз +15+23°С, оңтүстігінде +28+35°С. Бірақ бұған қарамастан, негізінен батыс аймақтарда және елдің солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады. Жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр) боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді, оңтүстік жартысында жекелеген күндері жауын-шашын күтіледі (негізінен жаңбыр түрінде), таулы және тау бөктерінде ауа температурасы төмендеген кезде қар да болуы мүмкін. Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар сәуір айында жиі кездеседі.
Көктемнің ортасында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болатын суық күндер болуы мүмкін. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде суық ауа массаларының енуі кезінде термометр бағандары түнде 0,-9°С-қа, күндіз +3+8°С-қа дейін, елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде түнде -5+7°С-қа, күндіз +10+15°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.