Жаңа Гвинеяда 35 адам белгісіз аурудан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Папуа-Жаңа Гвинеяның Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері ДДСҰ сарапшыларымен бірлесіп, Горока қаласындағы ауруханада қаза болған 35 науқастың өлімінің себептерін анықтауда. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
«Адамдардың өліміне себепші болған қандай инфекция екені әлі белгісіз. Кемінде 8 адам клебсиелланы жұқтыру салдарынан көз жұмған болуы мүмкін. Клебсиелла – кәдімгі антибиотиктерге төзімділігі жоғары бактерия», - делінген хабарламада.
Орталығы Горока қаласы саналатын Истерн-Солтүстік Шотланд таулы өлкесінің губернаторы Питер Нуму ауруханада шұғыл төтенше жағдай жариялау қажет екендігін мәлімдеді.
Папуа-Жаңа Гвинея денсаулық сақтау министрі Элиас Капавореның айтуынша, тиісті инфекциялық бақылаудың болмауы салдары адам өліміне әкеліп соғады. Әзірге ведомство ешқандай қорытындыға келе алмай отыр.
«Инвазиялық клиникалық емшаралармен қоса, бізге әлі де диагнозды бірнеше дереккөздердің растап беруі қажет», - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда жаңа Сот сарайы ашылады
Өзгелердің жаңалығы