3407 павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биыл Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 72 қылмыс жасалды. Бұл барлық тіркелген қылмыстардың 2,9 пайызын құрайды, деп хабарлайды Baq.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының “102” операторының пультіне отбасылық сипаттағы 7 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның ішінде 3407-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Осы қылмыстардың алдын алу үшін полиция қызметкерлері “тәуекел тобына” жатқызылған адамдармен олардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жолымен қайталама құқық бұзушылықтар жасауға неғұрлым бейім (отбасылық жанжал шығарушылар, бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар және тағы осыған ұқсас азаматтар) адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізеді. 

Мәселен, жыл басынан бері полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 5316 адамға қатысты қорғау нұсқамаларын шығарды. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тағы бір пәрменді шарасы ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабын қолдану (Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу). Құқық бұзушылықтарды қарау нәтижелері бойынша ішкі істер органдарының өтініш хаттары бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 611 ерекше талап белгіледі, оның ішінде 598 отбасылық жанжал шығарушыға алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым салынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы