33 жастағы қазақ боксшысы Олимпиадаға жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия және Мұхит жағалаулары елдері арасындағы іріктеу турнирінде 63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан қазақ боксшысы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының жолдамасын еншіледі.
Зәкір ширек финалда Ираннан келген Ашкан Разайды ұтты. Сөйтіп, жарыстың жартылай финалына шығып, ел қоржынына тағы бір жолдаманы салды.
Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Надежда Рябенц, Василий Левит, Бекзат Нұрдәулетов және Қамшыбек Қоңқабаев жолдамаға қол жеткізген еді.
Ал 52 келіге дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов ширек финалда Сәкен қытайлық Ху Жинхуаға есе жіберді. Дегенмен, оның жолдамадан үміті бар. Ол үшін тағы бір кездесуде жеңіске жетсе жеткілікті.
Айта кетейік, 33 жастағы Зәкір Сафиуллин Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр. Спортшы Токио Олимпиадасынан кейін әуесқой бокстағы карьерасын аяқтайтынын айтқан еді. Сондықтан бұл оның соңғы мүмкіндігі болмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда жаңа ауызсу жүйесі іске қосылады
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы