33 жастағы министр қазақша сауалды ілеспе аудармамен тыңдап, орысша жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мемлекеттік тілдегі сауалдардың өзіне орысша жауап қайтарып жатыр. Тіпті, сауалды түсінбей ме, ілеспе аударма арқылы тыңдайтынын байқадық.
Менің сұрағым ауылдық окургтерді оңтайландыруға байланысты. Заң жүзінде тұрғын саны 500-ден кем емес ауылдарда, кенттерде әкім аппаратын құруды бекітуді ұсынып отыр. Уәкілетті органның деректері бойынша біздің елде тұрғындар саны 500-ден кем 142 ауылдық окург пен ауылдар бар екен. Оларда қазірдің өзінде әкім аппараттары бар және тиісті адамдар жұмыстарын атқарып жатыр. Мысалы, заң жобасының нормасында Ақмола облысында жұмыс істейтін, бірақ халық саны аз 39 ауылдық округ бар екені атап өтілген. Осындай жағдай басқа өңірлерде де кездеседі. Бұл норма қанша мемлекеттік қызметшіге әсер етеді? Оларды жұмысқа орналастыру қалай шешілмек?, - деп сұрады Дархан Мыңбай.
Депутаттың сауалын ілеспе аударма арқылы тыңдаған министр құлаққабын шешіп, мемлекеттік тілде жауап беруге тырысқандай болған. Алайда дайын мәтінді оқып бере салды.
Республика бойынша осындай 142 ауыл бар. Олар көрші ауылдық округтер қосылу процесіне өтуі тиіс. Ол ауылдардағы мемлекеттік қызметшілер қысқартылмайды. Аудандық әкімдіктен немесе көрші ауылдардың әкімдіктерінен балама жұмыс ұсынылады. Сосын әрбір ауылда кемі бір мемлекеттік қызметші қалдырамыз. Олар азаматтарды қабылдап, базалық қызметтер көрсетеді. Яғни полиция, дәрігер қысқартуға ұшырамайды, - деді Әсет Ерғалиев.
Айта кетейік, 33 жастағы ең жас министр Әсет Ерғалиев қаңтар айында тағайындалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ДДСҰ: «Британдық» штамм бір апта ішінде тағы 10 елде тіркелді
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы