33 млрд теңге шығын: Алматы кеденінде ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткен
Алматының кеден органдарында жұмыс істеген ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) мемлекетке 33 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматының кеден органдарында жұмыс істеген ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) мемлекетке 33 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізудің бірқатар фактісі анықталған. Қылмыскерлер жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдаланған, жұмыс істемей-ақ шот-фактуралар жазып, қызмет көрсетпей, тауар жеткізбей ақша аударған.
Жиналған материалдар негізінде бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қатарында кеден саласындағы “уәкілетті экономикалық операторлар” ретінде тіркелген компаниялардың басшылары бар.
Жалпы шығын көлемі – 33 миллиард теңгеден асады.
Сот үкімімен айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің:
• 216-бабы (“Жалған шот-фактура жазу, оларды пайдалану”),
• 234-бабы (“Экономикалық контрабанда”) бойынша кінәлі деп танылып,
2 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді. Апелляциялық сот инстанциясы алғашқы сот үкімін күшінде қалдырды.
- Қазақстанның алты өңірінде жүргізушілерге қар жауатыны туралы ескерту жасалды 14:29
- Оман Қазақстанға өз порттары арқылы сауда дәлізін дамытуды ұсынды 14:08
- Алматыда үйлерге жылу қашан беріле бастайды? 14:07
- Барселонада тұрғын үй бағасына қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты 13:58
- Астанада ер адамның саусақтары электр сүргіге қысылып, жарақат алды 13:56
- Арқалықта 35 білім беру қызметкеріне тиісті төлемдер берілмегені анықталды 13:40
- Автосалон директоры клиенттерді 128 млн теңгеге алдады 13:22